Германияда аймақтық сайлау аяқталды
Ел астанасы Берлинде "Солшылдар партиясы" шамамен 26 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
Осылайша ол канцлер Фридрих Мерц басқаратын, 19 пайыз дауысқа ие болған, билік басындағы "Христиан-демократиялық одағын" басып озды. Сайлаушылардың 16 пайызы оңшыл "Германия үшін балама" партиясын қолдаған. Ал Мекленбург - Алдыңғы Померания аймағындағы жағдай сәл басқаша. Онда оңшылдар 38 пайыз дауыс жинап, көш бастады. Бұл жақта Мерцтің партиясы бар болғаны 5 пайызға ие болған. Осылайша "Христиан-демократиялық одағы" тарихта алғаш рет аймақтық парламентке өтпей қалды.