Жапонияға жойқын тайфун жақындап келеді
Жапония астанасы Токиоға жойқын «Дуцзюань» тайфуны келе жатыр. Қазір 500-ге жуық әуе рейсі тоқтатылды.
Қолайсыз ауа райы салдарынан Азия ойындарындағы ат спорты бойынша жоспарланған жарыстар кейінге қалды. Ел билігі жергілікті аралдарда көшкін қаупіне байланысты қауіптің ең жоғары – бесінші деңгейін жариялады. Жалпы 1,5 млн-нан астам тұрғынға эвакуациялану туралы ескерту келіп түскен. Синоптиктер желдің екпіні секундына 100 метрден асуы мүмкін деп болжап отыр. Кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшері 400 миллиметрге дейін жетуі ықтимал.