АҚШ пен Жапония бірлесіп зымыран шығарады

АҚШ пен Жапония америкалық зымырандарды бірлесіп құрастырады. Екі ел осындай келісімге келді.

Бұл туралы Жапонияның Қорғаныс министрлігі хабарлады. AMRAAM зымыраны – тараптар пайдаланатын F-35 жойғыш ұшақтарының негізгі қаруы. Оның көмегімен әуе нысандарын алыс қашықтықтан жоюға болады. 

Тараптар бұл мәселеге қатысты екі жыл келіссөз жүргізген. Жоспар бойынша өндіріс орны Күншығыс елінде ашылады. Бұл тұста Бейжің Токио мен Вашингтон арасындағы әскери ынтымақтастық басқа мемлекеттердің мүдделеріне нұқсан келтірмеуі керек деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз: