Алтын арзандап, мұнай қымбаттады
Әлемдік биржаларда мұнай бағасы қымбаттап жатыр.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,48 долларға өсіп, барреліне 101,82 долларды құрады. Ал Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 97,22 долларға жетті.
22 қыркүйектегі мұнай бағасы
InterContinental Exchange Futures – 101,82 доллар
New York Mercantile Exchange – 97,22 доллар
Алтын бағасы арзандады
Қазақстанда бүгін алтын арзандады. Бағалы металдың 1 грамы 62 618 теңгені құрады. Бұған дейін 62 985 теңгеден саудаланған еді. Осылайша бір күнде алтын бағасы 367 теңгеге төмендеді.