Нарықта алтын арзандады
Әлемдік мұнай бағасы қымбаттаған тұста алтын арзандап барады. Әлем биржаларында бағалы металдың бір унциясы 4327 долларға дейін төмендеді.
Осылайша, баға үшінші апта қатарынан құлдырап, қорғаныс активі ретіндегі мәртебесін жоғалта бастады. Енді сарапшылар инфляцияның күшеюі және АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені көтеруінен қауіптеніп отыр.