Йемен үкіметі Кирфан тауын бақылауға алды
Йемен Қарулы Күштері Кирфан тауын толық бақылауға алды. Бұл Таиз провинциясында орналасқан стратегиялық маңызы бар қырат.
«Джардад-Бени Омар» тау жотасында Аш-Шамайтейн мен әл-Вазия аудандарының арасында созылып жатыр. Мұның алдында Бени-Омар ауданында ірі қақтығыс болған еді. Қарулы топ Йемен әскерін минометпен атқан. Хуситтер жағынан 5 адам қаза тауып, 20-ға жуығы жарақат алды. Бұған қатысты хуситтер ресми мәлімдеме жасаған жоқ.