Оңтүстік Африкада үш адам оқ жаудырып, 11 адамды мерт қылды
Оңтүстік Африканың Квазулу-Натал провинциясында атыс болып, кемінде 11 адам қаза тауып, тағы үш адам жараланды, деп хабарлайды 24KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбі күні кешке Квамакхутха қаласының Зико ауданында болған. Жеке үйде адамдар бас қосып, көңіл көтеріп отырған кезде үш ер адам келіп, оларға оқ жаудырған. Сол жерде 13 ер адам және жүкті болуы мүмкін бір әйел болған.
Полицияның хабарлауынша, әйелді қоса алғанда 10 адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың біреуі кейін қайтыс болды.
Қазір атыстың нақты себебі анықталған жоқ. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.