Ираннан ұшатын рейстер тоқтатылды
Ирандағы бірқатар әуе компаниясы халықаралық рейстерін тоқтатты. Осыған дейін АҚШ Иранмен жұмыс істейтін шетелдік әуежайлар мен қызмет көрсетуші компанияларға санкция салатынын мәлімдеген еді.
Бұл Иранның авиация саласына қысымды күшейтеді. Рейстер Оман, Грузия және Әзербайжанға, сондай-ақ Ирак астанасы Бағдадқа да тоқтатылған. Ирак билігі Бағдад әуежайында Иран әуе компанияларының рейстерін қабылдауды доғаруға бұйырды. Таяу Шығыстағы ең ірі көлік торабы саналатын Біріккен Араб Әмірліктері де АҚШ-тың жаңа саясатына байланысты ирандық авиакомпаниялардың рейстерін тоқтататынын мәлімдеді.