No comment: Қытайда дрондар шоуы өтті
Чунцинде мыңдаған шам қаланың түнгі аспанын әсем бейнеге көмкерді.
Жарық шоуында елдің мәдени және табиғи ландшафттары мен бай мәдени мұрасы паш етілді. Ауқымды іс-шара Қытайдағы дәстүрлі «Күз ортасы» мерекесі аясында өтті. Бұл күні отбасылар бас қосып, бірлік белгісі ретінде шам жағады.