Суперинтеллект: Трамп АҚШ үкіметі құжаттарындағы «жасанды интеллект» атауын өзгертті

фото: xpert.digital

АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық органдарға ресми құжаттарда «жасанды интеллект» терминінің орнына «суперинтеллект» атауын қолдануды тапсырды, деп хабарлайды 24KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатты сейсенбі күні Ақ үйдің баспасөз қызметі таратты.

Онда федералдық үкімет қолданатын «терминология осы технологиялардың түрлендіруші мүмкіндіктерін және олардың америкалық халыққа ашатын шексіз мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс» деген ұстаным келтірілген.

Осыған байланысты «суперинтеллект» термині бұл технологиялардың болашағын, әлеуетін және қарқынды дамып келе жатқан мүмкіндіктерін әлдеқайда дәлірек көрсетеді, — делінген Трамп жарлығында.

Құжаттан белгілі болғандай, америкалық ведомстволар мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға «заңда қаншалықты рұқсат етілсе», ресми хат алмасуда, жария хабарламаларда, сайттарда, баяндамаларда және заңнамалық актілерге жатпайтын өзге де құжаттарда «суперинтеллект» терминін қолдану тапсырылған.

Бұл ретте жарлық жасанды интеллект термині қолданылған қолданыстағы нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді талап етпейді.

Сондай-ақ оқыңыз: