Францияның мемлекеттік қарызы €3,5 трлн асты

Францияның мемлекеттік қарызы ұлғайып, 3,5 триллион еуродан асты.

Бұл - биылғы жылдың екінші тоқсанының соңындағы жағдай. Елдің Ұлттық статистика институтының дерегіне сәйкес сыртқы борыш жалпы ішкі өнімінің шамамен 119 пайызына тең. Бұған дейін 2021 жылдың бірінші тоқсанында коронавирус пандемиясының әсерінен мемлекеттік қарыз көлемі жалпы ішкі өнімнің 117 пайызына жеткен еді. Сарапшылар мемлекеттік қарыздың өсуін бюджет тапшылығымен, экономикалық өсімнің әлсіздігімен және пайыздық мөлшерлемелердің жоғары болуымен байланыстырады. Бұл тұста қазіргі көрсеткіштің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін алға тартып отыр. Ол кезде Францияның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 300 пайызынан асып кеткен, деп хабарлайды 24KZ.

Сондай-ақ оқыңыз: