Таиландта тасқын құрбандарының саны 40 адамға жетті

Таиландта тасқыннан опат болғандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы патшалық премьер-министрі кеңсесінің баспасөз хатшысы хабарлады. Топан су 2,7 мың шаршы шақырым аумақты басты. Әсіресе орталық аймақтар қатты зардап шеккен. Табиғи апат 2,6 млн тұрғынның өміріне қиындық әкелді. Ел астанасы Бангкокта көшелерді су басып, жүріс-тұрыс қиындады. Айта кетейік, апта басында 2 күн бойы толассыз құйған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан.

Сондай-ақ оқыңыз: