АҚШ-та мигранттарды үшінші елге жіберу жалғасады

АҚШ мигранттарды қуып жатыр. Және өз еліне емес, өзге бір мемлекетке апарып тастайды. Сөйтіп те жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Былтыр Оңтүстік Судандық бір топ адамды Джибутиге жіберген. Олар сондағы АҚШ әскери базасындағы жүк контейнерлерінде бірнеше апта бойы қамауда отырған. Енді АҚШ Жоғарғы соты мигранттарды өз отанынан басқа елдерге депортациялауға қайтадан рұқсат берді.

Бұған дейін Бостондағы федералды судья Брайан Мерфи бұл тәртіпті заңсыз деп таныған еді. Ол мигранттарға қай елге жіберілетінін алдын ала хабарлауды талап еткен. Сондай-ақ сол жерде азаптауға ұшырау қаупі болса, қарсылық білдіруге мүмкіндік берілуі тиіс деген.

Апелляциялық сот та бұл шешімді қолдап, Ақ үй саясатына тоқтау салған. Дегенмен Трамп әкімшілігі бұл талаптар депортацияға кедергі келтіріп отыр деп, 24 қыркүйекте Жоғарғы сотқа қайта жүгініп, жеңіске жетіп отыр. Былтырдан бері осы тәртіппен шамамен 25 мың адам АҚШ-тан шығарылған.

Дегенмен Жоғарғы соттың үш судьясы бүгінгі шешімге қарсы шығып отыр. Сондықтан бұл тәртіптің заңдылығы желтоқсанда қайта қаралады. Ал депортация жалғаса бермек.

Сондай-ақ оқыңыз: