Ирак халқы егемендігін тойлап жатыр
Ирак халқы АҚШ әскерлерінің толық шығарылуына байланысты егемендік алғандарын тойлап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Кеше америкалық күштердің соңғы бөлімдері ел аумағынан кетті. Осылайша, АҚШ-тың Ирактағы 20 жылдан астам уақытқа созылған әскери операциясы аяқталды. Ресми Бағдад сарапшылары бұл қадамды елдің егемендігі мен тұрақтылығы жолындағы маңызды кезең деп бағалап отыр. АҚШ әскерінің елден шығуын Ирак халқының деңі қолдайды. Десе де енді Иран қолдайтын қарулы топтардың ықпалы күшейіп, ДАИШ сияқты лаңкестік ұйымдардың қайта жандануына қатысты алаңдаушылық та жоқ емес. Айта кетейік, кейінгі жылдары Иракта екі жарым мыңдай америкалық сарбаз болған.