АҚШ Ормуз бұғазында 125 сауда кемесінің бағытын өзгертті
АҚШ әскері Ормуз бұғазында теңіздегі тосқауыл операциясы басталғалы 125 сауда кемесінің бағытын өзгертті, деп хабарлайды 24KZ.
Құрама штаттардың Таяу Шығыстағы Бас қолбасшылық мәліметі бойынша, бұлар Иран айлақтарына бара жатқан немесе келе жатқан танкерлер. Кейінгі аптаның өзінде осындай 10 кеменің жолы кесілді. АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс басталғанға дейін Ормуздан күніне 125 кеме өтетін. Қазір олардың саны күрт қысқарды.