АҚШ Иракқа қару жеткізеді
Ирак билігі АҚШ бастаған халықаралық коалициямен келісімге келді. Келісім аясында елге әуе шабуылына қарсы америкалық қорғаныс жүйелері алынады.
Бұл туралы Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейди Al Hadath телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Иракқа заманауи қару мен әскери ұшақтар да жеткізіледі. Бұған дейін ресми Бағдад лаңкестік топтарды қарусыздандыру және оны мемлекеттік бақылауға алу бағдарламасын бастаған еді. Кейін 2027 жылдың маусымына шегерілген. Айта кетейік, кеше Пентагон Ирактан соңғы сарбаздарын алып кеткен еді. Алайда екі елдің дұшпангға қарсы әрекеті жалғаса бермек.