БАӘ Flydubai рейсіндегі оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды
Біріккен Араб Әмірліктері Flydubai әуе компаниясының рейсіндегі оқиғаны лаңкестік әрекет деп таныды.
Бұл туралы Әмірліктердің Бас прокуроры Хамад Сейф аш-Шамси мәлімдеді. Оның айтуынша, екінші ұшқыш экипаж сардарына балтамен шабуыл жасап, лайнерді өзі басқармақ болған. АВС телеарнасы күдікті Оманның 29 жастағы азаматы Хамам әл-Хаммами екенін айтады. Ол қазір қамауда отыр. Хамам әл-Хаммами ұшақты Израильде құлатпақ болғанын мойындады. Бұл оқиға 30 қыркүйекте болды. Лайнер Дубайдан Тель-Авивке бара жатқан. Экипаж апат белгісін басып, әуе кемесі басып алынды деген код жолдады. Кейін ұшақ күрт төмендеп, бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қонды. Артқы бөлігі зақымданып, бірнеше адам жараланды.