Таиландта тасқыннан ірі зауыттардың жұмысы тоқтады
Ал Таиландта алапат тасқын салдарынан Toyota мен Honda зауыттарының жұмысы тоқтап қалды. Нысандар Чонбури және Районг провинцияларында орналасқан.
Жауаптылар зауыттар бірер күнде өндірісті қайта жалғастырмайды дейді. Өйткені тасқынға байланысты жолдар жабылып, қосалқы бөлшектерді жеткізу мұңға айналған. Таиландтың Өнеркәсіп федерациясы логистикалық тізбектің үзілуінен 30 млн доллар шығын келді деп бағалап отыр. Табиғи апаттан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Тағы 2,6 млн тұрғын зардап шекті.