Калифорнияда 405 га алқап күлге айналды
АҚШ-тың Калифорния штатында Санта-Кларита қаласына жақын жерде орман өрті өршіді. Өрт қалаға жақын таулы аймақта таралып, 405 гектар жерді шарпыған.
Тілсіз жаумен күреске өрт сөндірушілер мен тікұшақтар тартылды. Жалыннан таулы аймақты қою түтін басты. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны белгісіз.