Америкалық Crew Dragon Халықаралық ғарыш стансасынан 7 қазанда қайтады

Америкалық Crew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш стансасынан 7 қазанда қайтады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы НАСА хабарлады. Бастапқы жоспар бойынша ол бүгін Жерке қайтуы керек еді, бірақ Тынық мұхитының зымыран қонатын бөлігінде күн райы бұзылып, операция кейінгі шегерілді. Crew Dragon экипажы Халықаралық ғарыш стансасында 7 жарым айдан астам уақыт болды. Топ құрамында НАСА мен Роскосмос және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдері бар. Экспедиция бағдарламасы бойынша орбитадағы кешенге техникалық қызмет көрсетіліп, бірнеше ғылыми тәжірибе жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз: