Қытай Пәкістан азаматын ғарышқа ұшырады
Қытай алғаш рет ғарыш станциясына шетелдік ғарышкерді ұшырады.
"Шэньчжоу-24" миссиясына Пәкістан азаматы қатысады. Бұл туралы Қытайдың пилотты ғарыш бағдарламасы агенттігі мәлімдеді. Пәкістандық ғарышкер орбитада ғылыми тәжірибе жүргізіп, кейін "Шэньчжоу-23" кемесімен Жерге оралады. Бұл қытайлық және шетелдік ғарышкерлердің алғашқы бірлескен миссиясы. Жоба екі елдің 2025 жылы жасалған ғарыш саласындағы келісім аясында жүзеге асқалы отыр.