Трамп АҚШ-та дизель бағасын төмендетуге кірісті

фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп дизель отынының бағасын төмендетуге бағытталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 24KZ NBC News-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, салық салынбайтын, қызыл түспен белгіленген дизель отынын сатып алуға қойылған шектеу алынып тасталады. Бұған дейін мұндай отын негізінен ауыл шаруашылығы техникасына және жолдан тыс көліктерге пайдаланылған.

Трамп Көлік, Ауыл шаруашылығы, Қорғаныс және Қаржы министрліктеріне салық салынбайтын дизельге қолжетімділікті кеңейтуді тапсырды. Сондай-ақ штаттарды дизель отынына салынатын салықты алып тастауға шақырды.

АҚШ-та дизель бағасы Ирандағы соғысқа байланысты күрт өскен. Америкалық автомобиль қауымдастығының мәліметінше, 22 қыркүйекте отынның бір галлоны 6,52 долларға жетіп, тарихи максимум жаңарды. Ал 28 ақпаннан бері дизель бағасы 70%-дан астам қымбаттаған.

Жанармай мен күнделікті тұтыну тауарлары бағасының өсуі алдағы аралық сайлау қарсаңында америкалықтарды алаңдатып отырған негізгі мәселелердің біріне айналды.

Сондай-ақ оқыңыз: