Литвада АҚШ-тың әскери базасы орналасуы мүмкін

Литва жерінде Құрама Штаттардың әскери базасы орналасуы мүмкін. 

Президент Трамп осы мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеді. Вашингтонға Вильнюс билігі қолқа салып отыр. Қажет болса шығынын төлеуге де әзір. Мұны Литваның премьер-министрі Блумберг телеарнасына берген сұхбатында айтты. Осыған дейін Пентагон Еуропадан 25 мың сарбазын шығаратынын мәлімдеген еді. Құрама Штаттар кәрі құрлықтағы әскер санын 40 мыңға дейін азайтпақ. Оның ішінде Германия, Испания және Италиядағы жауынгерлерін қайтаруға ниетті.

Сондай-ақ оқыңыз: