БҰҰ хуситтердің Эр-Риядқа шабуылын айыптады
БҰҰ хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады.
Ұйым тараптарды сабырға шақырып, Йемендегі жағдайды одан әрі ушықтырмауға үндеді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фархан Хак әскери қимылдар дағдарысты тереңдететінін айтты. Сондай-ақ ол барлық гуманитарлық қызметкерді дереу босатуға шақырды. Тамыз айынан бері қақтығыстан кемінде 46 бейбіт тұрғын қаза тапты. Олардың жартысынан көбі балалар. Тағы 130-дан астам адам жараланды. Ал 180 мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.