АҚШ визалық бағдарламаларды бақылауды күшейтті

АҚШ-та ірі технологиялық компаниялар мен тоғыз университет визалық бағдарламаларды теріс пайдаланды деген күдікке ілікті.

Бұл жайлы Вице-президент Джей Ди Вэнс Ақ үйдегі баспасөз  кездесуінде мәлімдеді. Тергеу басталып, Microsoft, Adobe және бірқатар IT-компанияның шетелдік қызметкерлерге жұмыс арқылы грин-карта рәсімдеуге мүмкіндік беретін бағдарламаға қатысуы уақытша тоқтатылды. Билік мұны американдықтардың жұмыс орындарын қорғау қажеттігімен түсіндіріп отыр. Вэнстің мәлімдеуінше, Microsoft былтыр алты мың американдық қызметкерді қысқартқанымен, шетелдік мамандарға мыңдаған жұмыс визасын рәсімдеген. Ал компания бұған жауап ретінде визалық өтініштерінің шамамен 80 пайызы бұрыннан жұмыс істейтін қызметкерлердің мәртебесін ұзартуға немесе өзгертуге арналғанын мәлімдеді.

Джей ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

- Microsoft Американың ең мықты компаниясының бірі. Сондықтан білікті американдық мамандарды жұмысқа алуларыңыз керек. Оларды жұмыстан шығарып, орнына жұмыс берушіге тәуелді шетелдік қызметкерлерді алуға болмайды. Сонымен қатар 9 университеттің қызметін тексеру қажет деп санаймыз. Олардың ішінде Гарвард, Йель, Стэнфорд және басқа да оқу орындары бар. Олардағы J-1 визалары талапқа сай қолданылды ма, жоқ па, осы мәселені тексереміз.

Сондай-ақ оқыңыз: