Crew Dragon ғарыштан Жерге оралды

Crew Dragon ғарыш кемесінің экипажы Жерге қайтып оралды. Капсула Калифорния жағасына жақын су бетіне қонған. 

Бұл туралы жобаны әзірлеген – SpaceX компаниясы хабарлады. Айта кетейік, Crew Dragon экипажы Халықаралық ғарыш стансасында 7 жарым айдан астам уақыт болды. Топ құрамына НАСА мен Роскосмос және Еуропа ғарыш агенттігінің өкілдері кірген. Олар экспедиция бағдарламасына сәйкес орбитадағы кешенге техникалық қызмет көрсетіп, бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыз: