Түркия балаларға әлеуметтік желіні шектейді
Түркияда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады, деп хабарлайды 24KZ.
Ал 15 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін қауіпсіздік талаптары күшейтіледі. Олардың желідегі жеке парақшалары жабық болады. Сондай-ақ тікелей эфирлерге, жекелендірілген жарнамаға және контент ұсынудың кей функцияларына қолжетімділік шектелмек. Пайдаланушылардың жасы e-Devlet мемлекеттік порталы арқылы тексеріледі. Бұдан бөлек, ата-аналарға балалардың геолокациясын бақылауға, интернетті пайдалану уақытын шектеуге және қаржылық операцияларын басқаруға мүмкіндік беріледі.