Өрт түтіні Азия көгінің жартысын басты
Индонезиядағы алапат орман өртінен тараған қара түтін Азия көгінің жартысын басты. Суматра мен Калимантан аралдарынан будақтаған түтін Малайзия мен Сингапурға жетті.
Жалынның шығуына Эль-Ниньо құбылысынан туған құрғақшылық әсер еткен. Ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты Малайзияның Куала-Лумпур қаласы мен бірнеше штатында мектептер жабылды. Лас ауадан 1,5 млн-нан астам оқушы зардап шеккен. Қазір тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр. Құтқарушылар жалынды сөндірумен бірге орманда өрт аумағында қалған жануарларды эвакуациялауға күш салып жатыр. Апат аймағында ауаны тазарту үшін жасанды жауын шақыру шаралары күшейтілді.