Мексикаға жойқын дауыл жақындады

«Саймон» дауылы Мексиканың батыс-орталық жағалауына жақындап келеді. Рейтердің мәліметінше, қазір оның қуаты төртінші санатқа дейін күшейген.

Дауыл ошағындағы жел екпіні сағатына 240 шақырымға жетеді. Циклонның негізгі соққысы елдің батыс бөлігіне бағытталуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарға қатаң ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, дауыл құрлыққа алдағы тәулікте жетуі ықтимал. Арты тасқынға ұласуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: