АҚШ-та қуатты дауылдан 4 адам опат болды

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында «Исайас» дауылынан 4 адам опат болды, деп хабарлайды 24KZ.

670 мыңға жуық тұрғын жарықсыз отыр. Желдің екпіні сағатына 170 шақырымға дейін жеткен. Жағалауға жақын аудандардан ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір құтқарушы қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Синоптиктер: «Аймақта алдағы күндері қолайсыз күн райы сақталып, нөсер жауын су тасқынына ұласуы мүмкін», – дейді.

Сондай-ақ оқыңыз: