Кубада дәрі-дәрмек тапшылығы күшейді

Елде негізгі дәрілер тізіміне енгізілген 600-ден астам препараттың үштен бірі ғана қолжетімді. 

Ал кейбір өңірлерде қажетті дәрілердің 10 пайызы ғана қалған. Өндірістің күрт төмендеуіне шетелден жеткізілетін шикізат пен қаптама материалдарының жетіспеушілігі себеп. Жанармай тапшылығы дәрі-дәрмекті тасымалдауды қиындатып отыр. Ел президенті Мигель Диас-Канель дағдарысты АҚШ санкцияларынан туындаған қаржылық шектеулермен байланыстырады. Жағдайды реттеу үшін билік ел тарихында алғаш рет жекеменшік дәріханалар ашуға рұқсат берді. Қазір осы бағытта 36 жоба қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: