Мексикада дауылдан 3 адам опат болды
Мексикада «Рейчел» дауылы соғып, соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғат апатынан бір бала мен 2 әйел опат болды, деп хабарлайды 24KZ.
Құрбандардың сүйегі Баха-Калифорния штатында жылғаның бойынан табылған. Аймақ губернаторы Марина дель Пилардың мәліметіне қарағанда, тағы 10 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Энсенада қаласының мектептерінде сабақтар толық тоқтады. Теңіз айлағы да кемелер үшін жабық.