Әлемде мұнай тасымалы қымбаттады
Мұнайды теңіз арқылы тасымалдау шығыны артты, деп хабарлайды 24KZ.
Сол себепті баға да өсті. Риядта ОПЕК елдерінің энергетика министрлері осы мәселені талқыға салды. Мамандардың айтуынша, шикізатты тасымалдау мен сақтандыру шығыны өзіндік құнының жартысына жуықтаған. Бұл мұнай мен мұнай өнімдерін әлемдік нарыққа жеткізуді қиындатып отыр. Альянс елдері жағдайды бақылауды жалғастырып, логистикалық мәселелерді шешу үшін үкіметтермен, энергетикалық компаниялармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты күшейтпек. Айта кетейік, қазір Brent маркалы мұнайдың баррелі нарықта 106, ал WTI 93 доллардан сатылып жатыр.