Сауд Арабиясы мен хуситтер соққы алмасты

Сауд Арабиясы бастаған коалиция кейінгі тәулікте Йемендегі хуситтер бақылауындағы аудандарға 104 әуе соққысын жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы топтың әскери өкілі Яхья Сариа X әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуылдар ел астанасы Сана мен тағы жеті қаладағы азаматтық нысандарға бағытталған. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Бұған дейін хуситтердің Сауд Арабиясындағы нысандарға шабуыл жасағаны белгілі болған еді. Қарулы топ Saudi Aramco компаниясының әкімшілік кешеніне баллистикалық зымыранмен соққы беріп, кеңсе мұнарасының жоғарғы үш қабатын зақымдаған. Салдарынан өрт шыққан. Зымырандар Рияд пен елдің оңтүстігіне де жіберілген, алайда корольдіктің әуе қорғанысы оларды қағып түсірді. Олардың екеуінің сынықтары қала аумағына құлап, төрт адам жараланды, 15 үй бүлінген.

Сондай-ақ оқыңыз: