Ормуз бұғазында екі кеме суға батып кетті
Ормуз бұғазы маңында 2 кеме суға кетті.
Екеуіне де снаряд тиген. Контейнерлер артқан су көлігінің бірі Сингапурге тиесілі. Мұны Сингапурдың Теңіз және порт әкімшілігі растады. Порт әкімшілігі хабарлауынша, кеме зақымданып, бортында өрт шықты, кейін суға батты. Экипаждың барлық 21 мүшесі қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ал екінші кеме Орталық Америкадағы Антигуа және Барбуда мемлекетінікі. Бұл су көлігінде 1 адам қаза тапты. Экипаждың қалған мүшесі бірден эвакуацияланған.