Хуситтер Эр-Рияд әуежайын қайтадан соққылады

Хуситтер Эр-Риядтағы Халид патша атындағы халықаралық әуежайға тағы да шабуыл жасады.

Бұл туралы қозғалыстың өкілі Яхья Сариа мәлімдеді. Бүгінде қарулы топтың Сауд Арабиясындағы әуежайларға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандардың саны 18-ге жетті, 300-ден астамы жараланған. Қазір Халид әуежайы уақытша жабық тұр. Соққыдан келген зардап көлемі анықталып жатыр. Аймақтағы жағдайға байланысты араб елдерінің бірқатары корольдікке бағытталған әуе рейстерін тоқтатқан.

Сондай-ақ оқыңыз: