Tesla компаниясы ұшатын көлік құрастырды
Тесла компаниясы ұшатын көлік құрастырды.
Темір тұлпар тоқпен жүреді. Электромобильдің атауы Roadster. Арнайы шоу Техас штатының Уэйко қаласында өтті. Озық технология негізінде жұмыс істейтін электр көлігі ауада қалықтап ұша алады. Миллиардер Илон Маск жаңа өнімін зымыранға теңеді. Компания өкілдері темір тұлпарды әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетті. Салонда жүргізуші болған жоқ. Мұны қауіпсіздік мақсатында жасаған. Кәсіпкер Илон Маск электромобильді нарыққа 2028 жылы шығаруға ниетті.