Кенияда Эболаның үшінші жағдайы тіркелді

Кенияда Эбола вирусын жұқтырған үшінші адам анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Әйел бұған дейін вирус жұқтырған екі адаммен тығыз байланыста болған. Кейін оның дене қызуы көтеріліп, тамағы ауырып, әлсіздік белгілері байқалған. Дәрігерлер оны оқшаулап, қажетті зертханалық тексеру жүргізген. Қазір медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал Конго Демократиялық Республикасында эбола дерті биыл мамырда анықталды. Елде вирусты 9 мыңнан аса адам жұқтырған. Қауіпті дерттен 4 мыңнан астам адам жан тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз: