Ормуз бұғазында тағы мұнай танкері жарылды
Ислам төңкерісі сақшылар корпусы кеме Тегеран тыйым салған теңіз жолымен жүрді деп айыптады. Танкер 200 млн баррель шикі мұнай әкеле жатқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Ал АҚШ Ормуз арқылы мұнай тасымалын кедергісіз іске асыруға тоқтаусыз көмектесіп жатқанын айтады. «Штаттардың Орталық қолбасшылығы кейінгі аптада жүз млн-нан астам баррель «қара алтын» тиеген 400-ге жуық кеменің қауіпсіз өтуіне қолдау көрсеттік», - дейді. Сонымен қатар Уошиңгтон «теңіздегі тосқауыл» операциясы арқылы 25 млрд долларға бағаланған Иран мұнайын экспорттауға кедергі жасағанын алға тартады.