Ирак соғыстың кесірінен $60 млрд жоғалтты

Ирак АҚШ пен Иран арасындағы соғыстың кесірінен 60 млрд доллар жоғалтты. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. 

Мекеме басшысы Фуад Хусейн Еуропалық Одақты аймақта бейбітшілік орнату, қақтығысты реттеу және келіссөздер бастауға белсене қатысуға шақырды. Таяу Шығыстағы қарулы текетірес әлемде энергетика дағдарысын тудырып, инфляция қаупін күшейтіп жатыр. Ирак мұнай экспортына қатты тәуелді, ел экономикасына 90 пайыз кіріс осы шикізат сатылымынан түседі. Қақтығыс ушыққалы «қара алтын» тасымалы күрт қысқарды. Бұған дейін Бағдат ай сайын сыртқа 100 миллион баррель мұнай жіберетін. 

Сондай-ақ оқыңыз: