Түркияда су тасқынынан қаза тапқан адам саны 6-ға жетті

Ыстанбұлдағы тасқыннан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті.

Түрік ақпарат құралдарының мәліметінше, табиғи апаттан көз жұмған Түрікменстан азаматының мәйіті табылды. 14 қазанда мегаполисте кейінгі 80 жылда болмаған жаңбыр жауды. Оның мөлшері 270 миллиметрден асты. Нөсер соңы тасқынға ұласып, тұрғын үйлер, коммерциялық нысандар мен көліктерді су шайып кетті. Билік тағы 5 адамның із-түссіз жоғалып кеткенін айтады. Іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: