Колумбияда алтын кеніші опырылып, 14 адам опат болды
Колумбияда заңсыз алтын кеніші опырылып, 14 адам опат болды. Тағы жетеуі жараланған. Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Нариньо департаментіне қарасты Санта-Барбара муниципалитетінде болды.
Қазір жұмысшыларды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталған. Колумбияда алтынды көбіне шалғай аудандарда, әрі әркім өзінше өндіреді. Қауіпсіздік талабы сақталмағандықтан, аймақта қайғылы оқиға да жиі болады.