Колумбияда 7,6 тонна кокаин тәркіленді
Колумбияда 7,6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді.
Есірткі Картахена портында жүк тексеру кезінде анықталған. Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыскерлер кокаинды қант ұнтағы салынған қаптың арасына жасырған. Айта кетейік, кейінгі он жылда елде мұндай көлемдегі есірткі тәркілеу оқиғасы тіркелмеген. Колумбия президенті Густаво Петро үкіметінің алғашқы 75 күнінде құқық қорғау органдары жалпы 132 тонна кокаин тәркілегенін мәлімдеді. Осыған байланысты ел билігі есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық желілерге қарсы күресті күшейтуді көздеп отыр.