Жапония Марсқа ғарыш аппаратын ұшырды
Бес жылға жоспарланған халықаралық миссия аясында ғалымдар қызыл планетаның жанындағы Фобостан топырақ пен тас үлгілерін жинап, оларды Жерге алып келмек.
Жоба құны 578 млн АҚШ долларына бағаланған. Кейінгі 50 жылда NASA Марсқа тоғыз ғарыш аппаратын сәтті қондырды. 2021 жылы Қытай да жетістікке жетті. Алайда осы уақытқа дейін бірде-бір мемлекет Күншығыс елі жоспарлап отырған Марс серігіне ғарыш аппаратын қондырып көрмеген. Сондай-ақ Марс пен оның серіктерінен алынған үлгіні Жерге жеткізу әлі жүзеге асқан жоқ. Жапон ғалымдары миссия 2031-ші жылы сәтті аяқталады деп жоспарлап отыр.