Эбола безгегі Нигерияға жетті
Нигерия астанасы Абуджада Эбола безгегін жұқтырған адам анықталды.
Бұл туралы Рейтер ((Reuters)) агенттігі мәлімдеді. Вирус Угандадан ұшып келген әйелден табылған. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында. Онымен байланыста болған тағы 44 адам тексеріліп жатыр. Айта кетейік, Эбола биыл Конго Демократиялық Республикасынан басталған. Бұл елде жұқпалы дерт жұқтырғандар саны қазір 9 мыңнан асты. Қауіпті дерттен 4 мыңнан астам адам жан тапсырған.