Трамп Конгресс сайлауына $400 млн жұмсайды

Дональд Трамп аралық сайлауға бас-аяғы 400 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Қаржының 300 миллионнан астамы қазірдің өзінде саяси жарнама, сайлаушылармен жұмыс, жиындар, алаңдарды жалға алу, электоратты тарту, сонымен қатар дауыс берудің адал өтуін қамтамасыз етуге жұмсалған. Сонымен қатар ақша Республикалық партия атынан түскен үміткерлерді қолдауға да беріліп жатыр. Олар Конгрестің қос палатасындағы басымдығын сақтап қалуға ұмтылып әлек, бірақ Трамп әкімшілігінің рейтингі уақыт озған сайын төмендеп жатыр. "Рейтер" мен "Ипсос" жүргізген сауалнама нәтижелері сайлаушылардың 47 пайызы демократтарды, ал 35 пайызы республикашылдарды қолдайтынын көрсетті. Конгрестің жаңа құрамын сайлау науқаны 3 қарашада өтуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: