Италияда жүк тасымалы іркіліп тұр

Италияда жанармай қымбаттағаны былай тұрсын, күнделікті жүретін бензин, дизель жоқ. Әсіресе, жүк көліктері іркіліп тұр. Осының салдарынан елдің оңтүстігінде азық-түлік тапшылығы байқалады, деп хабарлайды 24KZ.

Премьер-министр Джорджа Мелони тасымалдаушылар мен шаруаларға қосымша қолдау көрсету үшін үкіметтің кезектен тыс отырысын шұғыл шақырды. Бұған дейін Италия билігі шығындарды өтеу үшін 500 млн еуроға дейін қаржы бөлетініне кепілдік берген еді. Бірақ жүк тасымалдаушы кейбір топтар ереуілді тоқтатпаған. Елдің Ішкі істер министрлігі енді заңсыз жиындарды тексеріске алды.

Сондай-ақ оқыңыз: