АҚШ 300 мыңнан астам визаның күшін жойды
АҚШ билігі Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде 300 мыңнан астам визаның күшін жойды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады. Шектеулер заң бұзған, алаяқтық жасаған немесе ел қауіпсіздігіне қатер төндірген шетел азаматтарына қолданылады. Олардың қатарында шабуылдау, көлікті мас күйінде жүргізу, ұрлық және есірткіге қатысты қылмыстар да бар. Ведомство дерегі бойынша тамыз айының өзінде 175 мың виза жойылған. Билік енді иммиграциялық бақылауды күшейтіп, шетел азаматтарының әлеуметтік желідегі аккаунттарын тексеруге кіріскен. Алайда құқық қорғаушылар бұл саясат иммигранттарға қысымды күшейтуі мүмкін деп алаңдайды.