АҚШ әскери базаларына BYD көліктерін кіргізуге тыйым салды

АҚШ қытайлық BYD көліктерінен қауіптене бастады.

Тіпті Жапониядағы әскери базасына кіргізбейміз, деп отыр. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша бұл шектеу 26 қазаннан бастап күшіне енеді. Пентагон темір тұлпарға орнатылған камералар мен датчиктерді аңдуға қолдануға болады деп санайды. Қытайлық автоөндіруші әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Биыл маусымда Құрама Штаттар BYD-мен қатар Alibaba, Baidu және NIO компанияларын да қара тізімге енгізді. Бұл өндірушілер Қытай әскерінің мүддесі үшін жұмыс істейді, деп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз: