Трамп Атлант мұхитының атауын өзгертуге ниетті
Президент Трамп Атлант мұхитының атауын "Америка" деп өзгертуге ниетті.
Мұны Ақ үй басшысы Миссисипи штатында сайлауалды іс-шара кезінде мәлімдеді. "Біздің Америка деген көліміз бен шығанағымыз да бар. Енді өзен мен мұхит қажет. Сондықтан Атлант мұхитын Америка мұхиты деп ауыстырсақ" деді ол. Дональд Трамп бұл бастамасына Еуропа елдері қуанады деп санайды. Өткен аптада Ақ үй басшысы Google басшысынан Атлант мұхитына өз есімін беруді сұраған. Бірақ Сундар Пичаи оның бұл өтінішін қабылдамай қойды. Өйткені бұл мұхит бірнеше елдің жағалауын шайып жатыр.